09 қазан 2020 17:45

Kaspi.kz IPO-да 879 миллион доллар тартуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kaspi.kz Лондон қор биржасына қатысып жатыр. Оның акция құны 28,5-ден 33,75 долларға дейін бағаланады. Осылайша нарықтық капитализациясы 6,5 миллиард доллар болады деп болжанып отыр. Бұл туралы ұйымдастырушыларға сілтеме жасай отырып Reuters хабарлады.

Бір ай бұрын компания IPO өткізгісі келетінін хабарлаған еді. Букраннер дерегі бойынша, орналастыруға кететін жалпы сома 742-ден 879 миллион доллар арасында болмақ.

Morgan Stanley, Citigroup және Renaissance Capital бірлескен жаһандық координатор болмақ.

Kaspi.kz экожүйесінде жеке тұлғаларға және бөлшек саудаға арналған сервистер бар: қаржы қызметтері; көлік сатып алуға арналған онлайн-несие; төлем картасымен қолданылатын онлайн-төлем мен ақша аударымдары; мобильдік қосымша; түрлі тауарды сатып, сатып алуға арналған интернет-алаң; серіктестер желісіндегі сатып алушылар клубы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети