14 мамыр 2015 | 10:59

Қазақстанда 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты мақұлданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж © Tengrinews.kz Коллаж © Tengrinews.kz

Қазақстанда 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылы 24 сәуірде Ұлттық банк басқармасы ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясатын мақұлдады. Бұл құжат Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының тұжырымдамалық тәсілдерін және одан әрі даму бағыттарының қағидаттарын айқындайды.

"Құжатта Қазақстанның ақша-кредит саясатының эволюциясына және ақша-кредит саясатының түрлі режімдеріне шолу берілген. Ұлттық Банк дамудың ағымдағы кезеңінде барынша оңтайлы ретінде инфляциялық таргеттеу режімін енгізуді ұсынады", - делінген банктің хабарламасында.

Инфляциялық таргеттеу, инфляцияның нысаналы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған шаралар кешенін мына жерден көруге болады.

Айта кетейік, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясатын іске асыру Ұлттық Банкке баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл орнықты экономикалық өсуге ықпал етеді, сондай-ақ елдің әлемнің барынша дамыған отыз елдің қатарына кіруі бойынша стратегиялық мақсаттарға жетуіне жәрдемдеседі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети