Қазақстанда 3 қазаннан бастап ескі банкноттарды айырбастау тоқтатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 3 қазаннан бастап ескі банкноттарды айырбастау тоқтатылады

Қазақстанның Ұлттық Банкі 2020 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банк мәліметінше, қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүргізіледі.

"2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталды. Ағымдағы жылдың 3 қазанында аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін Ұлттық Банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Осы күнге дейін банкноттарды еліміздің 17 қаласында орналасқан ҚР ҰБ барлық аумақтық филиалдарында айырбастауға болады", - деп атап өтті Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Ұлттық Банк филиалдарының мекенжайлары және байланыс телефондары туралы ақпаратты Ұлттық Банктің сайтында табуға болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети