Қазақстанда әкімдіктер биржадан 100 миллиард теңге алған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы 17 өңірдің тоғызы биржада облигациялар орналастырып, 100 миллиард теңге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы 17 өңірдің тоғызы биржада облигациялар орналастырып, 100 миллиард теңге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық KASE биржасына 9 өңір әкімдігі облигациясын шығарды. Бұл ретте 100 миллиард теңге қарыздың тек 40,2 миллиарды Түркістан облысына тартылған. Өңір әкімдігі "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар бойынша шығындарды жабу үшін наурыз және маусымда облигациялар орналастырған.

Бұл ретте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер де барлық әкімдікке бөлінеді. Мысалы, дәл осы Түркістан облысы бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұр, биыл өңірге 221,7 миллиард бөлінген. Осыған қарамастан, өңір әкімдігі несие тартқан. Дегенмен соңғы жарты жыл ішінде өңір бюджетіндегі 2 миллиард теңге игерілмеген.

Игерілмеген қаржы ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау (412,4 миллион еңге), көлік және байланыс (308,8 миллион теңге), сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (223,9 миллион теңге) салаларына тиесілі.

Аймақтар арасында биржаға түскен қаражат бойынша Алматы мен Шымкент әкімдіктері де көш бастап тұр, олар сәйкесінше 20,6 миллиард теңге және 17,6 миллиард теңге, ал басқа әкімдіктер - 7 миллиард теңгеден аспайтын қаражат тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro