Қазақстанда 2017 жылдан бастап жаңа көліктерді мемлекеттік тіркеу салығына қатысты заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы "Астана" телеарнасына берген сұхбатында инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді.

Шенеуніктің айтуынша, заңға енгізілетін өзгерістер дайын, дегенмен ол келесі жылдан бастап күшіне енеді. "Бұл мәселеде заңда қарама-қайшылық болды. Желтоқсанда жасалған көлік қаңтарда бір жылдан асқан деп танылып, қосымша салық салынады. Қазір тиісті өзгерістерді әзірлеп қойдық. Бірақ салық кодексінің кестесімен сәйкес келмей, ол келесі жылға қалды", - деді вице-министр.
Еске салайық, салық кодексіне сәйкес, бір жылға толмаған жеңіл автомобильдерді бірінші рет мемлекеттік тіркеуден өткізу құны - 0,25 АЕК немесе 530 теңге. Егер ол бір жылдан асқан болса, 106 мың теңге төленеді. Соңғы категорияға 2015 жылдың соңында шыққан автомобильдер де кіреді. Сондықтан да бұл өткен жылы шыққан көліктердің сатылымының азаюына әкелді.