Қазақстанда банк шотынан алынатын ақшаның көлеміне шектеу қойылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Крыша".
Қазақстанда банк шотынан алынатын ақшаның көлеміне шектеу қойылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Крыша".
Порталдың жарияланымында бір кездері қаржы полициясы ұсынған бұл бастаманың ұмыт болмағаны айтылған. Таяуда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіндегілер банк шотынан алынатын ақшаның көлеміне шектеу қоюды көлеңкелі экономикаға қарсы тұру деп атады.
Айта кетейік, лимит биыл енгізілуі мүмкін. Алайда бұл өзгеріс жеке тұлғаларға емес, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты. Егер банк шотынан алынатын ақша көлеміне шектеу қою туралы шешім қабылданса, жеке кәсіпкерлердің ай сайын банк шотынан алатын ақшасы 3 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Ал заңды тұлғаларға 10 000 АЕК көлемінде ғана ақша алуға рұқсат беріледі. (2015 жылғы 1 АЕК - 1 982 теңге).
"Шектеу қою қаржыны көлеңкелі айналымға шығаруға жол бермейді, сонымен қатар, салық түсімдерінің артуына жол ашып, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді деп есептейді комитеттегілер", - делінген портал жарияланымында.