18 мамыр 2016 | 15:27

Қазақстанда дәрігердің қызметі бір жыл ішінде 18 пайызға қымбаттаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 0225.by © 0225.by

Қазақстанда дәрігердің қызметі бір жыл ішінде 18 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сараптамалық қызмет мамандарының мәліметтеріне сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, сәуір айында елімізде дәрігердің алғашқы қызметі үшін Алматылықтар 3 607 теңге төлесе, Қарағанды тұрғындары 1 191 теңге ғана төлейді екен.


Қазақстанда дәрігердің қызметі бір жыл ішінде 18 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сараптамалық қызмет мамандарының мәліметтеріне сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, сәуір айында елімізде дәрігердің алғашқы қызметі үшін Алматылықтар 3 607 теңге төлесе, Қарағанды тұрғындары 1 191 теңге ғана төлейді екен.

Сонымен қатар, Қостанайда дәрігердің алғашқы қызметінің бағасы бірден 69,4 пайызға қымбаттап, 2016 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша 2 381 теңгені құраған. Ал Қарағанды облысында бұл қызметтің бағасы 4,2 пайызға арзандады.

"Стоматологиялық хирургия қызметінің бағасы елде орташа алғанда 13 пайызға, яғни бір тісті жұлдыру 2 743 теңгеге дейін жеткен. Ең жоғары баға Астанада - 6 212 теңге болса, ең төмен баға - Оралда - 1 747 теңге болып тұр. Ал Семейде - 24,2 пайызға дейін қымбаттап, бір тісті жұлдырудың бағасы 2 644 теңгеге жеткен. Бағаның тұрақтылығы Қарағандыда 1 826 теңгемен сақталып тұр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, елімізде шипажайдың бір тәулік қызметінің бағасы 7 пайызға қымбаттап, 8 681 теңгеге жеткен. Ал Астана қаласының шипажайларында тәулігіне - 12 314 теңге болса, ең төмен баға - Жезқазғанда тәулігіне 7 211 теңгені құрады. Ал жыл қорытындысы бойынша, ең жоғары баға Оралда - 23 пайызға, яғни 8 213 теңгеге қымбаттаған. Ал бағаның төмендеуі тек Көкшетауда байқалады. Онда шипажайдың бір тәулік бағасы 9 пайызға төмендеуді көрсетіп, тәулігіне 8 213 теңгеге дейін жетеді.

"Қан құрамына жасалған сараптаманың бағасы елде орташа есеппен сәуір айында 766 теңге болса (бір жыл ішінде 9,4 пайызға қымбаттаған), зәр сараптамасы - 539 теңге (10 пайызға қымбаттаған) болып тұр. Алматыда қан құрамына жасалған сараптаманың бағасы 1 563 теңгені, ал  Семейде 389 теңгені құрады. Ал зәр сараптамасының бағасы Атырауда 1 004 теңгеден болса, Оралда - 325 теңге", - делінген зерттеуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.65   525.26   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети