04 желтоқсан 2020 17:52

Қазақстанда демалыс және дүйсенбі күнгі доллардың ресми бағамы төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Қазақстан Ұлттық банкі 5-7 желтоқсандағы доллардың ресми бағамын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Ұлттық банкі 5-7 желтоқсандағы доллардың ресми бағамын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенбі, жексенбі және дүйсенбіде америкалық валютаның бағамы 420,79 теңге болады. Бұл ретте жұма күнгі бағам 422,87 екенін айтқан жөн.

Биржадағы таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 420,59 теңге. Бір күнде ол 2,42 теңгеге арзандады.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық доллар орташа 422,71 теңгеге сатылып, 421,13 теңгеге сатып алынып жатыр.

Ал Нұр-Сұлтанда сату бағасы орта есеппен - 422,42 теңге, сатып алу - 421,33 теңгеден.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети