Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанда демалыс және мереке күндері төленетін еңбекақыны төмендету ұсынылды

03 Қыркүйек 2015, 12:25
2
Иллюстрация © Тengrinews.kz
Иллюстрация © Тengrinews.kz

Қазақстанның жаңа Еңбек кодексіне демалыс және мереке күндері төленетін еңбекақы мөлшерін азайту туралы норманы енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Парламенттің төменгі палатасының отырысында жаңа Еңбек кодексінің жобасын таныстырды.

Заң жобасындағы жаңа нормаларды хабарлаған Тамара Дүйсенова белгілі бір жағдайлар бойынша еңбекақыны төлеу механизмін қайта қарау мәселесіне тоқталды. "Бүгінгі таңда артық жұмсалған уақыт үшін еңбекақы бір жарымнан төмен емес көлемде төленеді. Мереке және демалыс күндері екі және түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағаты 1,5 көлемде төленеді. Жаңа кодексте мұндай жағдайдағы төлем мөлшерін 1,25-тен төмен қылмау ұсынылған, оны ұжымдық келісімшарт бойынша ұлғайтуға болады. Бұл шара бір жағынан жұмыс берушінің шығынын азайтады. Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкерді оның келісімімен ғана жұмысқа тарта алады. Екінші жағынан, егер жұмысшы мұндай шарадан бас тартса, жұмыс беруші төлем мөлшері мен жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға негізделеді", - деді Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, жаңа Еңбек кодексінің тұжырымдамалық моделі тараптардың мүдделер тепе-теңдігін сақтай отырып, олардың жауапкершілігі мен рөлін айқындап, жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастарына мемлекеттің араласу шегін нақты анықтауды ұсынады. Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақының ең төменгі деңгейдегі еңбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптарының бұл міндеттемелерді орындауын қатаң бақылайтын болады. Жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастары көп жағдайда жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, жұмысшыны жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еңбек шарттары мен оның төлемақысы салаларындағы өзара келісім жасау және ұжымдық шарттардың әлеуетін күшейте отырып, өзін-өзі реттеу қағидаларына сай жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, бұл кодексте бірқатар өзгеріс бар. Мысалы, жұмыс орындарын сақтау мақсатында кәсіпорынның жұмысы тоқтаған жағдайда (бір айдың орнына) қызметкерлерді уақытша ауыстыру мерзімін анықтау ұсынылады. Сондай-ақ, жұмыс берушінің қызметкердің келісімінсіз денсаулығына зиян тигізбейтін кез келген бос орынға ауыстыру (кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұрған жағдайда) құқығы қарастырылады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай