20 қыркүйек 2018 | 11:53

Қазақстанда депозиттер бойынша жаңа мөлшерлемелер бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді және жинақ салымдары бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бекітілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді және жинақ салымдары бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бекітілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың 1 қазанынан бастап жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша шарттар өзгереді. Енді жеке тұлғалардың салымдары мерзімді, мерзімсіз және жинақ болып жіктеледі.

Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері салымның түрі мен мерзіміне, мерзімінен бұрын алу құқығы мен толықтыру құқығына байланысты сараланатын болады. Осыған байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жаңа ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

"Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың барлық банк шоттарындағы ақша қаражаттарына (соның ішінде - барлық салымдар түріне, төлем карталары мен ағымдағы шоттардағы ақшаға) кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 27 банк кіреді", - деді банктегілер.

ҚДКБҚ кепілдігі жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық депозиттеріне таралады. Төмендегі кестеде тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар депозиттер категориясы келтірілген:

Банк қызметкерлерінің айтуынша, шетел валютасындағы салымдар бойынша ағымдағы тәсіл сақталады, сыйақы мөлшерлемесі салымның мерзіміне қарамастан бірыңғай болып табылады және 1 пайыз деңгейінде сақталады. Салымдарды жіктеу және бекітілген ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі 1 қазаннан кейін қабылданатын немесе ұзартылатын жеке тұлғалардың салымдарына таралады. 1 қазанға дейін қабылданған салымдарға бұрын жасалған шарт талаптарына сәйкес қызмет көрсетілетін болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети