Қазақстанда жыл сайын табиғи апаттарға байланысты жарты миллиард долларға жуық қаржы жұмсалады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жыл сайын табиғи апаттарға байланысты жарты миллиард долларға жуық қаржы жұмсалады Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда көшкін, су тасқыны, сел, қуаңшылық, қар көшкіні және ауа температурасының күрт өзгеруі жиі болады. Бұл табиғи апаттар жыл сайын экономикалық шығындарға әкеледі. Бұл ретте Қазақстан халқы мен экономикасы жер сілкінісі мен су тасқынынан көп зардап шегеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көшкін, су тасқыны, сел, қуаңшылық, қар көшкіні және ауа температурасының күрт өзгеруі жиі болады. Бұл табиғи апаттар жыл сайын экономикалық шығындарға әкеледі. Бұл ретте Қазақстан халқы мен экономикасы жер сілкінісі мен су тасқынынан көп зардап шегеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда су тасқыны қаупі көбірек байқалады, өйткені нөсер мен қардың еруі айтарлықтай зиян келтіреді. Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы (ОААЭО) 2022 есебіне сәйкес, су тасқынынан болатын орташа жылдық шығын 419 миллион долларға бағаланған, бұл жер сілкінісі салдарынан келетін 58 миллион доллар шығыннан жеті есе көп.

Еліміздің барлық аймағында айтарлықтай су басу қаупі бар. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік және орталық аймақтарында келтірілген шығын 30 миллион доллардан асады. Ең көп орташа жылдық шығын Қызылордада тіркелді: 60,7 миллион доллар. Батыс Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстарында жылына 40 миллион доллардан асады.

Бұл мәселеде төрт мемлекеттің – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумағынан өтетін Сырдария өзені шешуші рөл атқарады. Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасынан судың көбеюі, ағыстың төменгі жағында мұздың кептелуі, жаңбыр мен қардың еруі Өзбекстан мен Қазақстанның Қызылорда облыстарында жиі су тасқынына әкеп соғады.

Қазақстандағы су тасқыны қаупінің маңыздылығы адам шығыны мәселесіне байланысты арта түседі, бұл - жылына 390 адам өлімі жағдайы. Бұл ОААЭО-ға кез келген басқа мүше мемлекеттермен салыстырғанда үштен екіге көп. Бұл ретте Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендердің орташа жылдық саны шамамен - 156 мың адам.

Зардап шеккендердің ең көп орташа жылдық саны Ақмола және Қызылорда облыстарында тіркелген: сәйкесінше 22 және 19,4 мың адам.

Жер сілкіністеріне келетін болсақ, олардан Қазақстандағы орташа жылдық шығын - 57,6 миллион доллар. Елдегі ең жоғары шығын көрсеткіші Алматыда: 46,8 миллион доллар. Олардан кейін Түркістан (8,9 миллион доллар) және Жамбыл (1,6 миллион доллар) облыстары тұр. Осы үш аймақтың өзі елдегі орташа жылдық шығынның 100 пайызға жуығын құрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети