Қазақстанда қолма-қол ақшасыз сауда жасау кезінде комиссия алмау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз сауда жасау кезінде комиссия алмау ұсынылды © Тұрар Қазанғапов

ҚР Қаржы министрлігі банк карточкалары арқылы сауда жасағанда бөлінетін комиссияны алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрілігі мемлекеттік кіріс комитетінің бақылау департаменті директоры Ерлан Нұрланбаевқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қаржы министрлігі банк карточкалары арқылы сауда жасағанда бөлінетін комиссияны алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрілігі мемлекеттік кіріс комитетінің бақылау департаменті директоры Ерлан Нұрланбаевқа сілтеме жасап. 

"ҚР Қаржы министрлігінің көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шараларының жоспары шеңберінде Ұлттық банк адресіне POS-терминалдары арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде алынатын комиссияның көлемін азайту туралы бірнеше мәрте ұсыныс келіп түсті", - деді Нұрланбаев Қазақстан Парламентінің Мәжілісінде өткен қолма-қол ақшасыз айналымды ынталандыру жөніндегі ұсыныстар талқыланған дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, комиссиялық сыйақыны мемлекеттік реттеу туралы ұсыныстар жиі айтылады. "Қолма-қол ақшасыз төлем жасау кезінде алынатын комиссияның көлемін банктің экономикалық шығынының орнын толтыру үшін банк шоттарынан қолма-қол ақшаны шешіп алу кезінде көрсетілетін қызметтің құнын арттыру арқылы жүзеге асыруға болады. Біз төлем карточкалары бар адамдарға карточкамен төлем жасату үшін оны қолдануға байланысты алынатын қандай да бір ақыны алып тастауды қарастыру қажет деп ойлаймыз", - деді Нұрланбаев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети