07 сәуір 2016 | 13:11

Қазақстанда қолма-қол төлем жасауға шектеу қойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда қолма-қол төлем жасауға шектеу қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Төлемдер және төлем жүйелері" заң жобасын Парламент Мәжілісінде Ұлттық банктің төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов таныстырды. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қолма-қол төлем жасауға шектеу қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Төлемдер және төлем жүйелері" заң жобасын Парламент Мәжілісінде Ұлттық банктің төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов таныстырды. 

Түсіндіру хатында заңнамада қолма-қол ақшаны төлем жасау кезінде шектеу қарастырылатыны айтылады, сонымен қатар төлем карталары арқылы санкцияланбаған операциялар бойынша қаражаттарды қайтаруды қарастыратын ереже бар. 

"Біз халықаралық стандарт бойынша қозғалып келеміз. Қолма-қол есептесу аясы өркениетті елдерде тарылып жатыр. Бұл бірінші факт. Екінші факт - табыс ақшасының ағымы мен қаржы терроризміне қарсы іс-қимыл жөніндегі заңға сәйкес, қолма-қол есептесуді жеке тұлғалар арасында барлық операция түрінде барынша азайту туралы шешім қабылданды. Үшіншіден, халық қолма-қол есептесіп жатқан жағдайдағы банктердің тарифі бар. Карта арқылы жасалатын төлемдерде банктер комиссия ұстамайды. Сондықтан қолма-қол жасамайтын есептесудің кең тарауы бөлігіндегі лоббилеу банк мүддесін лоббилеумен байланысты емес. Бұл, керісінше, қаржы қызметтерін алатындардың банктерге аз төлеуге деген мүддесі", - деп мәлімдеді Ахметов таныстырылым кезінде депутаттардың сұрағына жауап беріп жатып.

Кейін Парламенттің үзілісінде ол тілшілерге берген жауабында қолма-қол есептесуге тыйымның салынбайтынын, ал шектеудің төлемді бақылауды білдіретінін айтты. 

"Мұның қалай болып жатқанын білу керек - қайдан, кім төлеп жатыр, не үшін төлеп жатыр. Сондықтан осы бөлікте ақшаның қайдан шыққаны мен қандай мақсаттарда төлем жасалғанын бақылау бөлігінде шектеулер болады. (...) Бақылау болмайды. Тек шектеу бөлігінде - төлемнің мақсаты. Егер баланың оқуына болса, бұл түсінікті. Егер мақсат нақты айқындалмаса, нақты көрсетпесеңіз немесе түсініксіз болса, онда сізге ешкім тыйым салмайды, бақылау мен тексеріс болады", - деді Ахметов. 

"Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" заң жобасы лезде жасалатын төлем жүйелерінің операторларының қызметін реттеу мәселесін зерттеу үшін жасалған. Қазіргі "Төлемдер мен ақша аудармалары туралы" Заң төлем жасалғанда және ақша аударғанда, нақтырақ айтқанда төлем жасау мен қаражатты аударудың әдістері мен тәртібін бекітеді, төлемдер мен қаражат аудару туралы ережелердің орындалу тәртібіне талап бекітеді, төлем мен аудармаға қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін бекітетін құқықтық қатынастарды ғана реттейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети