08 сәуір 2015 | 16:37

Қазақстанда президенттік сайлаудан кейін теңге құнсыздануы мүмкін - Fitch Ratings

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Fitch Ratings халықаралық рейтинг жасау агенттігі 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген президенттік сайлауды өткізгеннен кейін теңге құнсыздануы мүмкін деп есептейді. Бұл туралы агенттіктің жарияланған шолуында айтылды, - деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары".


Иконка комментария блок соц сети

Fitch Ratings халықаралық рейтинг жасау агенттігі 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген президенттік сайлауды өткізгеннен кейін теңге құнсыздануы мүмкін деп есептейді. Бұл туралы агенттіктің жарияланған шолуында айтылды, - деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары".

"Біз президенттік сайлауды өткізгеннен кейін теңгенің ары қарай құнсыздануы мүмкін деп есептейміз. Ел басшысы бір ресейлік рублге 3,5-4,5 теңге дәлізін қолайлы деп атаған болатын, бұл 2014 жылдың соңындағы айырбастау бағамымен салыстырғанда 13% -тен 45% дейінгі долларға шаққандағы әлеуетті құнсыздануды болжайды", -делінген агенттіктің жасаған шолуында.

Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов егер мұнай бағасы төмендей берсе, теңгені ауыстыру бағамында бірқалыпты өзгеріс болатынын, алайда қазіргі таңда мұндай алғышарттардың жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанда девальвация 2014 жылы болған еді. Сол уақытта теңгенің долларға қарағандағы бағамы 19 пайызға төмендеген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети