Қазақстанда салық төлеушілердің бірыңғай электронды кошелегі жасалады. Бұл туралы қаржы министірі Әлихан Смайылов мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда салық төлеушілердің бірыңғай электронды кошелегі жасалады. Бұл туралы қаржы министірі Әлихан Смайылов мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Электронды салықты төлеуді іргелі жеңілдету мақсатында бірыңғай кошелек қызметіне көшу мәселесі қарастырылып жатыр. Үлгі ретінде Эстонияның тәжірибесі қаралды, ол жақта салық төлеуші салықты бір реквизитпен төлейді. Сосын, бұл сома автоматты түрде жеке тұлғаның барлық салығына тарайды", - деп мәлімдеді министр Мәжілістің үкімет сағатында.
Осылайша, 2019 жылдың аяғында Қаржы министірлігінде ақпараттық жүйелер бірыңғай электронды кошелекке түскен төлемді өздігімен таратады.
"Қателікпен жасалған салық төлемінің нәтижесін жою үшін төлем құжаттардың санын қысқарту қамтамасыз етіледі; анықталмаған төлемдер мен жөнсіз өсімдерді; есептеу мөлшерін қысқарту мен қателескен төлемдерді қайтару; инкассалық шешімдер мөлшерін қысқарту; салық төлеушінің уақыт шығынын азайту; қаржы мекемесінің, банктің, МКК-нің ақпараттық жүйесінің жүктемесін азайту мәселелері шешіледі", - деді министр.
Бірыңғай төлем жүйесіне көшу үшін ақпараттық жүйені түзету мен мәліметтер базасын жаңарту ғана емес, бюджеттік, банктік, салық пен кедендік заңнамаларға көп өзгеріс жасалуы керек екені айтылып отыр.