24 қараша 2015 11:02

Қазақстанда шетел валютасымен сақталатын депозиттердің үлесі артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда шетел валютасымен сақталатын депозиттердің үлесі артты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда шетел валютасымен сақталатын депозиттердің үлесі артты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыста "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланып жатыр. 

Айырбас бағамына қатысты пікір білдіре отырып, Ақышев валюта нарығында қазіргі уақытта жағдайдың қалыпты екенін тағы бір рет атап өтті. "Валюта нарығындағы қалыптасқан теңдік Қазақстан экономикасына - мұнайдың әлемдік бағасы, ресейлік рубль бағамы, Ресей мен Қытайдағы экономикалық жағдай және әлемдік валюта бағамдарының қатынасына әсер ететін қазіргі іргелі факторларға сәйкес келеді", - деді Ұлттық банк басшысы. 

Сонымен қатар, ол депозиттер бойынша көрсеткіштерді келтірді. 

"2015 жылдың 10 айында депозиттер 24,6 пайызға өсті. Ал шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 55,5 пайыздан, 65,9 пайызға дейін өсті. Бұл ұлттық валютаның әлсіреуінен кейін валюта бөлімінің қайта бағалануымен байланысты болды", - деді Ақышев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети