Қазақстанда төрт ЖОО сатылымға шығарылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Қаржы министрлігі республиканың төрт жоғары оқу орнының үлесін сату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрлігі республиканың төрт жоғары оқу орнының үлесін сату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сатылым биыл 7 наурызда аукционның баға өсіру тәсілімен өтеді. Республика меншігінен сатылымға қойылғандар ішінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті бар.

"Барлық нысанның 35 пайыз үлесі сатылады. Тек Алматы энергетика және байланыс университетінің 33,65 пайызы сатылымға қойылды. Бұл нысандардың бастапқы бағасы әртүрлі. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің бағасы 1 711 278 931,00 теңгеден басталады, кепілді жарна - 75 750 000,00 теңге", - деді ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Сатылымға қатысу өтінімі 7 наурызда таңғы 8:00-ге дейін қабылданады.

"Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің бастапқы бағасы - 336 396 978,00 теңге, ал Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы 2 522 061 695,00 теңгеден бастап сатылады. Алматы энергетика және байланыс университетінің бастапқы құны 1 401 617 089,00 теңге болады. Су спортының және спорттың қолданбалы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi - 331 060 000,00 теңге", - деп хабарлады Қаржы министрлігіндегілер.

Нысандар gosreestr.kz сайтында электронды тендер арқылы сатылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro