03 шілде 2019 | 12:49

Қазақстанда валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімі ұзарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімін ұзартуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков хабарлады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімін ұзартуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков хабарлады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін барлық валюталық ипотекалық қарыз алушыларды Бағдарлама аясында барынша қамту мақсатында осы қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін, таратылып жатқан "Астана Банкі" АҚ және Qazaq Banki АҚ банктеріндегі қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды", - деп хабарлады Олег Смоляков. Ол қарыздар Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) бойынша теңгемен қайта қаржыландырылуға тиіс деп толықтырды.

Ұлттық Банк басшысының орынбасары Бағдарламаға енгізілген түзетулерді ескере отырып, қарыз алушылар 2019 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде  қайта қаржыландыруға өтінішпен кредитор банкке жүгінулері қажет.

"2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға 64,9 миллиард теңге сомасына 7 735 валюталық ипотекалық қарыз мақұлданды, 51,4 миллиард теңге сомасына 6 283 валюталық ипотекалық қарыз қайта қаржыландырылды", - деп статистика келтірді Олег Смоляков.

Олег Смоляков Бағдарламаны Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тапсырмасымен 2015 жылдан бері іске асырып келе жатқанын да еске түсірді. 2004 - 2009 жылдардағы кезеңде банктер берген және жалғыз баспанамен қамтамасыз етілген қарыздарды қайта қаржыландыруға Ұлттық Банк 130 миллиард теңге бөлді. Бөлінген қаражаттың толығымен игерілуіне байланысты қарыздарды қайта қаржыландыру бұған қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуге келіп түскен ақша есебінен жүзеге асырылуда. Мәселен, 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банктер Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға 165,9 миллиард теңге сомаға 26 803 қарызды мақұлдаған, 148,3 миллиард теңге сомаға 25 249 қарызды қайта қаржыландырды, қарыз алушылардың 51,3 миллиард теңге сомаға сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша берешегі кешірілді.

Бағдарлама бойынша түсініктемелер мен консультацияларды Қазақстан Ұлттық Банкінің Алматы қаласының Әйтеке би көшесі, 67-үй мекенжайындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде, ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында, "Кері байланыс" нысаны арқылы ҚР Ұлттық Банкінің сайтынан алуға болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети