Зейнетақы жинақтарының ең көп көлемі 35-37 жас аралығындағы ерлер мен 37-39 жас аралығындағы әйелдерде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.
Зейнетақы жинақтарының ең көп көлемі 35-37 жас аралығындағы ерлер мен 37-39 жас аралығындағы әйелдерде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны мен зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы бойынша бірінші орында Алматы тұр, мұнда 1 493 103 шотта 973,4 миллиард теңге жинақталған, екінші орында Астана - 622 906 шотта 466,7 миллиард теңге, ал үшінші орында Қарағанды облысы - 768 141 шотта 436,6 миллиард теңге бар.
2015 жылдың бірінші жарты жылындағы таза инвестициялық табыс сомасы 141,41 миллиард теңге болды. Ал 6 айдағы БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы - 73,80 миллиард теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына төленген аударымдардың көлемі 7,55 миллиард теңге болды. 1 шілдедегі жағдай бойынша, шарттардың барлық түріне сәйкес салымшылардың жеке зейнетақы шоттары 10 043 572-ге жетті. Ал зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,92 триллион теңгеден асты.
БЖЗҚ мамандарының айтуынша, электрондық қызметтер танымал болып келеді. ЖЗШ-дан ақпарат алу тәсілі ретінде 300 мыңға жуық адам электрондық поштаны және 400 000 адам Қор веб-сайтын таңдап алған. Ұялы телефонға арналған қосымша шамамен 45 мың рет жүктелді. Биыл ақпан айында БЖЗҚ салымшылары өздерінің инвестициялық табыс ескерілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты e-gov электрондық үкімет порталынан және Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алу мүмкіндігіне ие болды. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 1 шілдеге дейін e-gov арқылы салымшылар өздерінің инвестициялық табыс ескерілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпараты бар 34 мыңнан аса үзінді көшірмені алып үлгерді.