17 сәуір 2015 | 10:09

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы жария етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 сәуірдегі көрсеткішке сәйкес, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны барлық шарт түрі бойынша 9 986 467 бірлікке тең. Ал зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,7 триллион теңгеден асып түсті.

"2015 жылдың бірінші тоқсанында салымшылардың шотына бөлінген инвестициялық табыс - 58,25 миллиард теңге. Қаңтар-наурыз айларындағы зейнетақы төлемдерінің сомасы - 42,43 миллиард теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған сома - 3,39 миллиард теңге", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9 пайызға өскен болатын. Айлық есептік көрсеткіші биыл - 1982 теңге, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері - 23 692 теңге, орташа мөлшері - 11 182 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі - 21 364 теңге. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети