Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілер аталды Фото: elements.envato.com

FinReview порталының сарапшылары 2020 жылғы ең ірі 50 салық төлеушіні атады. Олар мемлекет қазынасына 3,9 триллион теңге кіріс әкелген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 32 пайызға аз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

FinReview порталының сарапшылары 2020 жылғы ең ірі 50 салық төлеушіні атады. Олар мемлекет қазынасына 3,9 триллион теңге кіріс әкелген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 32 пайызға аз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылы мемлекет бюджетіне 8,6 триллион теңге кіріс кірген. 2019 жылмен салыстырғанда кіріс көлемі 655,3 миллиард теңгеге төмен. Оның ішінде 50 ірі салық төлеушіге осы салықтың 46 пайызы тиесілі.

2020 жылы негізгі сома дәстүрлі түрде мұнай және газ өндіруші кәсіпорындардан түскен. Олар 50 саланың рейтингінде 19-шы орында тұр. 50 ірі салық төлеуші төлемінің 59 пайызы немесе 2,3 триллион теңгесі осы салаға тиесілі, делінген порталда. Өткен кезеңмен салыстырғанда осы компаниялар төлеген салық көлемі 46,6 пайызға төмендеген. Бұл рекорд көрсеткіш.

Мұнай секторынан кейін металлургия тұр. Оның салық түсіміндегі жалпы үлесі 12,5 пайыз немесе 493,3 миллиард теңге.

Әрі қарай рейтингте темекі саласы тұр. Оған үш ірі кәсіпорын кіреді. Олар 271,5 миллиард теңге салық төлеген.

Бюджетке 200,9 миллиард теңге кіріс әкелген тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу компаниясы салық төлемдері бойынша ең ірі төрт саланың соңында тұр. Рейтингке мұнай өңдеу, телекоммуникация, банк секторы, логистика, ішімдіктер өндірісі, инженерия өкілдері де кірді.

Қазақстандағы ең ірі 50 салық төлеуші:

2020 жылы салық түсімдері 7,1 пайызға қысқарды, дейді сарапшылар. Бұл елдегі пандемия жағдайына байланысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети