10 ақпан 2015 | 14:25

Қазақстандық банкнот дизайны заңсыз болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

2013 жылы ең үздік деп танылған банкнот. 2013 жылы ең үздік деп танылған банкнот.

Номиналы 1000 теңге болатын банкноттың дизайны заңсыз деп танылды - бұл туралы Қазақстан қаржылық қызметін дамытудың ұлттық қорының төрағасы Михаил Кленчин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түркі жазбасына арналған "Күлтегін" ескерткіш банкнотын 2014 жылы (International Bank Note Society) халықаралық банкнот қауымдастығы "2013 жылдың ең үздік банкноты" номинациясы бойынша жеңімпаз деп таныған болатын.

Иконка комментария блок соц сети

"Алайда бұл банкноттың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленбеген, - дейді Кленчин. - Яғни, жарлыққа сәйкес, банкнот пен монетада дизайнның бекітілген жылы мен монетаның соғылған жылын көрсету міндетті элемент болып есептеледі". Ұлттық қор мәліметінше, дизайнның бекітілген жылын көрсету - бұйрықты әрі міндетті талап.

Кленчиннің айтуынша, номиналы 1000 теңгелік банкноттың міндетті элементсіз, яғни банкнот дизайнының бекітілген уақыты көрестілмей, Мемлекет басшысының жарлығындағы талаптар бұзылған күйі банкноттың шығарылуы ережені өрескел бұзғандық және дизайнның заңсыз жасалғандығын көрсетеді. Айта кетейік, түркі жазбасына арналған "Күлтегін" ескерткіш банкноттары 10 миллион данамен, жалпы сомасы 10 миллиард теңгемен тарады. Номиналы 1000 теңге болатын банкнот 2013 жылы 12 желтоқсанда айналымға түсті. 

Банкнот сарғыш қоңыр түсті. Беткі жағында Күлтегін мүсінінің фрагменті (Түркі қағанатының саяси және әскери қайраткері), "Қазақ Елі" монументі және көгершіндер бейнеленген. Сыртқы жағынан түркі әскерінің жартасқа салынған бейнелерін, түркі жазбасының ескерткіші мен бұғыны көруге болады. Сонымен қатар, сыртқы жағында Мемлекеттік ту, Ұлттық банк логотипі мен "Ескерткіш теңге" жазбасы бейнеленген голографиялық жолақ орналасқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети