Қазақстандық оқушылар қаржылық сауаттылықты мектепте үйрене бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық оқушылар қаржылық сауаттылықты мектепте үйрене бастайды © pavlodarnews.kz

Павлодар қаласының мектептерінде өскелең ұрпақтың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, қаржылық сауаттылыққа оқыту жобасы іске асырылады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар қаласының мектептерінде өскелең ұрпақтың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, қаржылық сауаттылыққа оқыту жобасы іске асырылады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Порталдың хабарлауынша, бұл бастаманы экономика және бюджеттік жоспарлау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Анатолий Бойчин қолға алған.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, 10-11 сыныптарда "Экономика және қаржылық сауаттылық" курсын енгізу көзделіп отыр. Банк саласының тәжірибелі мамандары қаржылық сауаттылық бойынша арнайы курсты таңдаған оқушыларға практикалық дәрістер өткізеді.

"Курс 14 сағатқа жоспарланған. Бағдарламада оқушыларға несие карталарды пайдалану, несие беру жағдайларын, мерзімді салымдар ашуды, түрлі төлемдерді онлайн-қызметтерде іске асыруды, кассалық және аудармалы операцияларды жүргізуді үйретеді", - дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, тәжірибелі мамандар оқушыларды SMS-банкингтің басымдылығына, есеп шоттарын қашықтан пайдалануды, myHalyk мобильді қосымшаларын қолдануды, Интернет желісінде есептесу мүмкіндіктерін үйрету міндеттерін іске асыруды көздеп отыр.

"2018 жылы 12 ақпанда №17 мектепте (Қатаев көшесі, 68) жобаның басталу рәсімі өтеді және "Қаржылық сауаттылық" бойынша арнайы кабинет ашылады. Бағдарламаны таныстыру барысында оқушылар теңге тарихынан қызықты фактілер туралы біледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының төлем карталарын алғашқы болып Павлодар облысында пайдаланған. Балаларға ақшаның түпнұсқасын (шынайылығын) ажырату тәсілдері көрсетіледі. Бұл жоба қаланың 34 мектебінде жүзеге асырылады деп күтілуде. Аталған курстарда 8-11 сыныптардың 800-ден аса оқушысы қамтылады", - делінген жарияланымда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети