Ақпанда қазақстандықтар 197,7 миллиард теңгеге доллар сатып алды. Қаңтармен салыстырғанда сатып алу көлемі 10,5 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк сайтына сілтеме жасап.
Ақпанда қазақстандықтар 197,7 миллиард теңгеге доллар сатып алды. Қаңтармен салыстырғанда сатып алу көлемі 10,5 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық банк мәліметінше, 2022 жылғы ақпанда теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 426,1 - 495,0 теңге аралығында өзгерді. 2022 жылғы ақпанның аяғында теңге бағамы 14,2 пайызға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 495 теңге болды.
Теңге-доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 12,9 миллиард доллар болды, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі - 2,7 миллиард доллар, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі - 10,2 миллиард доллар.
"Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 58,5 пайыз немесе 6,0 миллиард доллар болды (2022 жылғы қаңтарда - 65,8 пайыз немесе 4,9 миллиард доллар), бұл олардың меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты", - делінген хабарламада.
2022 жылғы ақпанда халық нетто-негізде 292,5 миллиард теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алған. Ұлттық банк мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда бұл шығыстар 3,4 пайызға өскен (2022 жылғы қаңтарда - 282,8 миллиард теңге), 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (184,9 миллиард теңге) нетто-сатып алу көлемі 1,6 есе ұлғайды.
"Шығыстардың негізгі көлемі 197,7 миллиард теңге немесе 67,6 пайыз - АҚШ долларын, 75,4 миллиард теңге немесе 25,8 пайыз - Ресей рублін, 19,1 миллиард теңге немесе 6,5 пайыз еуроны сатып алуға бағытталды. Валюта түрлері бойынша бөлгенде бір айда доллар сатып алуға арналған шығыстар 10,5 пайызға өсті (өсу 1,7 есе), Ресей рублін сатып алуға арналған шығыстар 6,8 пайызға төмендеді (өсу 1,6 есе) және еуроны сатып алуға арналған шығыстар 15,5 пайызға төмендеді (төмендеу 10,7 пайыз)", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!