14 қаңтар 2022 | 13:33

Қазақстандықтар жаңа жылда баға өседі деп болжайды - сауалнама

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский қазақстандықтар арасындағы 2021 жылғы желтоқсандағы инфляциялық болжам туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский қазақстандықтар арасындағы 2021 жылғы желтоқсандағы инфляциялық болжам туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Чернявскийдің айтуынша, қазақстандықтардың көп бөлігі келесі 12 айда қазіргі баға өседі немесе сақталады деп ойлайды.

"Желтоқсанда респонденттердің көпшілігі (65 пайыз) былтыр баға өте тез өскенін айтқан, бірақ бұл көрсеткіш қарашамен (74 пайыз) салыстырғанда айтарлықтай төмен болғанын айтты. Кейінгі айда баға тұрақсыздығын бағалап, айтарлықтай өскенін байқаған респонденттердің үлесі желтоқсанда 58 пайыз (қарашада 61 пайыз) болды. Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі азық-түлік бағасы өсетінін болжады, олардың үлесі қарашада 85 пайыз болды", - деді ол.

Жинағы бар халықтың үлесі желтоқсанда 18 пайыз болды. Қазақстандықтардың көпшілігі жинақтарын банк депозитінде және қолма-қол ақша нысанында сақтайды.

"Желтоқсанда респонденттердің 36 пайызы қазір жинақ қалыптастыру үшін қолайсыз уақыт деп санады, ал бұл үлес кейінгі үш айда өсіп келеді. Кейінгі жылы жинақ төмендегенін айтқан респонденттердің үлесі қарашадағы 19 пайыздан 24 пайызға дейін өсті", - деді ол.

Сондай-ақ, сауалнамаға сәйкес, кейінгі жылы жеке қаржылық жағдайды бағалау нашарлады. Халық арасында ірі сатып алуға дайындық өскені байқалады: респонденттердің 21 пайызы сатып алу үшін биыл жақсы уақыт екенін айтты.

"Елдің дамуы бойынша қысқа мерзімді бағалау жақсарды, бұл ретте ұзақ мерзімді бағалау өзгеріссіз қалған. Респонденттердің 38 пайызы алдағы экономиканың даму перспективаларын оң бағаласа, алдағы 5 жылға баға бергендердің үлесі 37 пайыз болды", - деді Денис Чернявский.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети