23 ақпан 2022 | 10:07

Қазақстандықтар жыл басынан бері БЖЗҚ-дан қанша ақша алды?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері қазақстандықтар БЖЗҚ-дан баспана және емделу үшін 97 миллиард теңге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері қазақстандықтар БЖЗҚ-дан баспана және емделу үшін 97 миллиард теңге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың басынан бері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында 97 миллиард теңге төленді. Бұл ретте жасы бойынша зейнеткерлерге төленетін төлемдердің көлемі небәрі 6,6 миллиард теңге, мұрагерлік төлемдер - 3,8 миллиард теңге. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 367,8 миллиард теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,7 миллиард теңге.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 11,7 миллион болды. 2022 жылдың бірінші айында БЖЗҚ салымшылары былтырғымен салыстырғанда шамамен 30 пайызға артық қаражат аударды.

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы сомасы шамамен 114,9 миллиард теңге зейнетақы жарналары түскен, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 26,1 миллиард теңгеге артық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети