Ranking сарапшыларының зерттеуіне қарағанда, қазақстандықтар қаражатын ірі деген 10 банкте сақтайды. Банктергедегі депозиттердің жалпы көлемі 8,9 триллион теңге болса - биылғы қызанның қорытындысы бойынша оның 8,4 триллион теңгесі ірі банктердің үлесінде екен. Бұл 9,4,3 пайызға тең, былтыр 94,2 пайыз болса, бес жыл бұрын 87,9 пайыз болған.

Сарапшылардың пікірінше, банк секторы тығыздалып жатыр: 10 жыл бұрын бөлшек салымдар нарығында 36 банк жұмыс істесе, ал бес жыл бұрын - 38 ЕДБ, осыдан екі жыл бұрын - 33, 2018 жылы - 28, ал биылдың қазан айының қорытындысы бойынша - 27 банк қалыпты.
Бір айда бөлшек салымдардың көлемі тағы 1,1 пайызға өскен. ТОП-10 ЕДБ биылғы қыркүйегімен салыстырғанда жиынтығында 1 пайызды қосып отыр. 10 ірі банктің ішінде табыс көргені - 8 ЕДБ.
Жалпы сектор бойынша жеке тұлғалардың салымдары бір жыл ішінде 5,7 пайызға немесе 484,1 миллиард теңгеге өскен.
Қол жеткізілген көрсеткіш 8,9 триллион теңге болатын ҚР ЕДБ салымдарының жалпы көлемінің 49,9 пайыз, бұған дейін 50,1 пайыз болған.