10 шілде 2017 | 10:36

Қазақстандықтар қаражатын ұлттық валютамен арттыруын жалғастырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар қаражатын ұлттық валютамен арттыруын жалғастырып жатыр - бес ай ішінде теңгемен жасалған салымдар 19 пайызға өскен. Екінші дәрежелі 33 банктің 16-сында бөлшек салымдардің өсімі тіркелген. Бұл туралы Ranking.kz сараптама қызметінің зерттеуінде айтылады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар қаражатын ұлттық валютамен арттыруын жалғастырып жатыр - бес ай ішінде теңгемен жасалған салымдар 19 пайызға өскен. Екінші дәрежелі 33 банктің 16-сында бөлшек салымдардің өсімі тіркелген. Бұл туралы Ranking.kz сараптама қызметінің зерттеуінде айтылады.

Зерттеуге қарағанда, ҚР депозит нарығында дедолларизация жалғасып келеді - халықтың валюталық салымдары азайып келеді де, теңге жинақтары, керісінше, өсуін жалғастырған.

"Жыл басынан бері 5 айдың қорытындысы бойынша, республикада жеке тұлғалардың салым көлемі шетел валютасымен жасалған салымдардың 13 пайызға қысқаруына байланысты 3 пайызға азайған. Бұл кезеңде теңгемен жасалған салымдар 19 пайызға өскен", - делінген зерттеуде.

Еске салайық, өткен жылдың осындай кезеңінде валюталық салымдар қайта есептеуде 10 пайызға қысқарса, теңге депозиттері 59 пайызға көбейген еді.

Бес айдың ішінде бөлшек салымдары негізінен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде өскен - 2017 жылдың қаңтар-мамыр аралығында бұл сома 54,6 миллиард теңгеге немесе 13 пайызға өскен. Қазіргі уақытта банк жеке тұлғалардың жинағы нарығында 6 пайыздан аса мөлшерін алып отыр. Екінші орында - Kaspi Bank, бұл банктің бөлшек салымдар бойынша портфелінде бес айдың қорытындысы бойынша 30,9 миллиард теңгеге немесе 4 пайызға өскен. Нарықта банктің үлесі - 10 пайыз. Ал үштікті Fortebank қорытындылады - биылғы қаңтар-мамыр аралығында жеке тұлғалардың бұл банктегі салымы 17 миллиард теңгеге немесе 4 пайызға өскен. Банктің нарықтағы үлесі жыл басынан бері 5,2 пайыздан 5,6 пайызға артқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети