Қазақстанда сиыр еті қымбаттап жатыр, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. 2017 жылдың қазан айындағы көрсеткішке қарағанда, сиыр етінің бір келісі 1 426,3 теңгеден сатылып жатыр.
Қазақстанда сиыр еті қымбаттап жатыр, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. 2017 жылдың қазан айындағы көрсеткішке қарағанда, сиыр етінің бір келісі 1 426,3 теңгеден сатылып жатыр.
Жалпы жыл басынан бері ет бағасы 15,6 пайызға (192,7 теңге), бір айда 0,7 пайызға (9,4 теңге) қымбаттаған. Ал сиыр еті жыл басынан бері 6,3 пайызға (73,4 теңге) қымбаттады.
Сарапшылардың мәліметінше, сиыр етінің ең төмен бағасы (1 297 теңге) Таразда байқалады. Ет бағасының арзандығы жөнінен екінші орында Петропавл тұр, онда сиыр етінің келісі 1 303 теңге екен. Ал үшінші орында Талдықорған тұр. Онда сиыр етінің келісі 1 317 теңгеден сатылып жатыр.
Ал ең жоғары бағалар Астанада байқалады. Елорда тұрғындары сиыр етінің бір келісін алу үшін 1 661 теңге төлейді. Жоғары бағалардың екінші орнында Атырау (1 530 теңге) тұр. Алматыда болса сиыр етінің келісі 1 525 теңгеден сатылып жатыр.