28 сәуір 2022 | 16:42

Қазақстандықтар миллион доллар жинауы үшін қанша жыл жұмыс істеуі керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Бір миллион АҚШ долларын жинау үшін әр елдің тұрғындарына қанша жыл жұмыс істеуі керегі есептеліп, рейтинг жасалды. Онда әр елдегі орташа жалақы есепке алынған. Қазақстан бұл рейтингте 102 елдің ішінде 87-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Бір миллион АҚШ долларын жинау үшін әр елдің тұрғындарына қанша жыл жұмыс істеуі керегі есептеліп, рейтинг жасалды. Онда әр елдегі орташа жалақы есепке алынған. Қазақстан бұл рейтингте 102 елдің ішінде 87-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Picodi.com жасаған рейтингте миллион долларды Швейцария (13 жыл 4 ай), Аустралия (20 жыл 1 ай) және Сингапур (20 жыл 2 ай) тұрғындары тез жинай алады. ТОП-5 ел қатарына Люксембург (20 жыл 4 ай) пен АҚШ (23 жыл 1 ай) та кіреді.

Қазақстан бұл рейтингте 87-орында тұр, елде миллион доллар жинау үшін 245 жыл 11 ай қажет. 

ТМД елдерін алар болсақ, Ресей - 191 жыл 9 ай, Молдова - 204 жыл 11 ай, Армения - 215 жыл 4 ай, Беларусь - 231 жыл 5 ай, Әзербайжан - 257 жыл 1 ай, Өзбекстан - 318 жыл 4 ай. Ал Украина тұрғындары миллион доллар жинауы үшін 145 жыл 6 ай жұмыс істеуі керек. 

Ranking.kz мәліметінше, 2021 жылдың төртінші тоқсанында қазақстандықтардың орташа жалақысы 275,6 мың теңгеге жеткен, бұл бір жыл бұрынғыдан 18,2 пайызға артық.

Ең жоғары жалақы Атырау облысында тіркелді - 420,4 мың теңге. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (391,4 мың теңге) мен Маңғыстау облысы (382,4 мың теңге) кірді.

Ең төменгі жалақыны Солтүстік Қазақстан облысының қызметкерлері алады - 203 мың теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети