22 қазан 2015 | 11:05

Қазақстандықтардың 3,6 пайызында ғана теңге бағамының өзгерісінен кейін жалақы көтерілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

HeadHunter Қазақстан компаниясы жүргізген сауалнама мәліметтері бойынша, теңге бағамының тамыз айындағы өзгерісінен кейін қазақстандықтардың 3,6 пайызының ғана жалақасы көтерілген. Тағы 12,2 пайызының жалақысы жыл соңына дейін көтеріледі деп күтіліп отыр.


Иконка комментария блок соц сети

HeadHunter Қазақстан компаниясы жүргізген сауалнама мәліметтері бойынша, теңге бағамының тамыз айындағы өзгерісінен кейін қазақстандықтардың 3,6 пайызының ғана жалақасы көтерілген. Тағы 12,2 пайызының жалақысы жыл соңына дейін көтеріледі деп күтіліп отыр.

Сауалнамаға 1,5 мың адам қатысты. Нәтижелері бойынша, қазақстандық компаниялардың төрттен бірінде (23,7 пайызында) жыл сайын жалақыны көтеру қарастырылған. Ал жалақыны жоғарылатуға байланысты айтатын болсақ, қатысушылардың 3,6 пайызы ғана 2015 жылдың тамыз айында болған теңге бағамының өзгерісінен кейін компанияларының жалақыны көтергенін айтты.

Алайда әрбір бесінші қатысушы (20,4 пайыз) жұмыс берушісінің бонустар мен сыйлықақыны толық көлемде төлейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың бестен бірі (20,5 пайыз) компанияларының бонустар мен сыйлықақы төлеуді тоқтатқанын айтты. Тағы 14,4 пайызы қосымша ақылардың төленіп жатқанын, алайда көлемінің төмендетілгенін жеткізді.

Жалақы бойынша болжамға қатысты сұрақтарға жауап берген адамдардың 12,2 пайызы жылдың соңына дейін оның көтерелуін күтіп отырғанын айтты. Ал 19,3 пайызы 2016 жылы көтерілетінін, 68,4 пайызы мүлдем көтерілмейтінін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети