2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, қазақстандықтар 27,4 миллиард теңге салық берешегі бар. Олардың 76,6 пайызы көлік салығын төлемегендер. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады.

Бұл сомада басты қарыз - 20 миллиард теңге, өсімі - 7,2 миллиард теңге. Көлік құралдарына салынатын салықтың қарызы 21 миллиард теңгеге жеткен.
21 миллиард теңгеге құны 9 миллион теңге болатын Toyota Camry 70 маркалы көліктің 2 333 данасын алуға болады.
Сондай-ақ, МКД өкілдері қазақстандықтардың мүлік салығы бойынша қарызы 1,3 миллиард теңге екенін айтып өтті. Басты қарызы - 900 миллион болса, өсімі 400 миллион теңгеге жеткен. Бұдан бөлек, қазақстандықтардың тағы 700 миллион теңге жер салығы үшін қарыз екені айтылады.