Қазақстандықтардың жалақысы ақырындап өсіп жатыр. Мұндай пікірді Antal Kazakhstan компаниясының мамандары айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтардың жалақысы ақырындап өсіп жатыр. Мұндай пікірді Antal Kazakhstan компаниясының мамандары айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сарапшылардың айтуынша, сауалнамаға қатысқан 1035 адамның 48 пайызы жалақысының өскенін айтқан. Айта кетейік, сауалнамаға қарапайым мамандардан бастап топ-менеджерлерге дейін қатысқан. "Қазақстандықтардың жалақысы аздап өсіп жатыр. Компанияларда жұмыс істейтіндердің жалақысы орта есеппен 5-10 пайызға өскен", - дейді компаниясы басшысы Анна Ковинская.
Сондай-ақ, сарапшы қазақстандықтардың одан да көп жалақысы алғысы келетіндерін айтады.
"Жұмыс ауыстырған кезде қазақстандықтар жалақысының көбейгенін қалайды: 20 пайыздан жоғары. Мұнымен қоса, сауалнамаға қатысқандардың 48 пайызы жаңа жұмыс іздегенде ең басты жалақының әрі қарай өсуі екенін айтады", - дейді сарапшы.