2016 жыл қазақстандықтардың қалтасынан қақты - былтыр ҚР халқының нағыз табысы 4,5 пайызға қысқарған, бұл көрсеткіш 16 жыл бұрын тіркелген еді. Бұл туралы Ranking сараптама орталығы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері негізінде келтіріп отыр.

Мамандардың мәліметінше, қазақстандықтардың жалақысының сатып алу әлеуетінің төмендеуі бір жыл бойында жалғасқан. Желтоқсанда ғана нағыз табыс 2,4 пайызға өскен.
Қымбатшылықты елімізде бірінші болып халықтың қорғалмаған бөлігі сезінеді.
"2011-2015 жылдар аралығында Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз табыс табатын халық саны азайған еді, - осы кезеңде 2 есеге азайған. Алайда 2016 жылы бұл процесс тоқтап қана қалмай, кері тенденцияны көрсетті - 3-ші тоқсанның қорытындысы бойынша күнкөріс деңгейіне жетпейтін қазақстандықтардың саны 452 мың адамға жетті немесе бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 6 мың адамға көбейген", - дейді сараптама орталығындағылар.
Сонымен қатар, мамандардың мәліметінше, Қазақстандағы ең бай азаматтар халықтың 23,6 пайыз байлығына иелік етіп отыр екен. Алайда елімізде теңсіздік төмен деңгейде сақталып отыр - 0,281.
ҚР-да ең кедей тұрғындар Оңтүстік Қазақстанда тұрады екен: ОҚО (289,6 мың адам), Алматы облысы (201 мың адам) және Алматы (175 мың адам).