14 сәуір 2016 | 09:16

Қазақстандықтардың несиеге алған көліктері үшін банк алдындағы қарызы 40 миллиард теңгеден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kakprosto.ru © kakprosto.ru

Қазақстандықтардың несиеге алған көліктері үшін банк алдындағы қарызы 40 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы "Астана" телеарнасына "Бірінші кредиттік бюро" орталығының сарапшылары мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың несиеге алған көліктері үшін банк алдындағы қарызы 40 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы "Астана" телеарнасына "Бірінші кредиттік бюро" орталығының сарапшылары мәлімдеді.

Сонымен қатар, елімізде несиеге автомобиль алам деушілер азайыпты. Осы жылдың алғашқы тоқсанында 5 жарым мыңға жуық көлік сатылған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге аз. Темір тұлпарын қарызға алған азаматтардың 87 пайызы шағын микрокредиттік ұйым қызметіне жүгінсе, несиелердің тек 13 пайызы екінші деңгейлі банктерде берілген. Оның себептерін сарапшылар банктердің қарыз беру шарттарын қатаңдатуымен түсіндірді. Мұнымен қатар, тілшілердің мәліметінше, еліміз бойына несиеге алуға құмар Алматы мен Астана қалалары, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстары.

"Егер де 2014 жылы несие сұраған әрбір үшінші азаматтың өтініші қанағаттандырылса, 2015 жылы - әрбір бесінші, ал 2016 әрбір алтыншы, жетінші клиентке ғана қарыз беріледі. 2015 жылы барлық несиелердің 11,6 пайызы проблемалық болса, осы жылы - 12,8 пайыз. Бұл 40 миллиард теңгеден астам", - деді "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әсем Нұрғалиева, 

"Ал "Қазақстанда жасалған" автокөліктердің сатылмай қоймаларда қаңтарылып тұрғанын кеше Мәжіліс депутаты Азат Перуашев парламент отырысында айтты. Оған себеп, бесінші шақырылымда депутаттардың өздері қолдап, бірінші қаңтардан күшіне енген автокөлікті мемлекеттік тіркеу үшін төленетін салық десті. Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, қоймаларда өткен жылы шыққан 27 миллиард теңгенің 4,5 мыңнан астам су жаңа көлігі сатылмай тұр", - деп хабарлады телеарна тілшілері.

"Отандық өндірушілерді қолдауы тиіс норма кері әсерін тигізді. Бір жылдан асқан көлікке салықты арттыратын норма күнтізбелік тәртіппен, 2015 жылдың 31 желтоқсанында шыққан жеңіл көлік бірнеше күннен кейін бір жылдан асқан болып есептелік, тіркеуге қойғанда, сатып алушы 105 мың теңге салық төлеуі керек. Ал дәл осындай ауыр көліктің құны тіркеуде 508 мың теңгеден бастап қымбаттай береді. Ол көліктер су жаңа", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының жетекшісі Азат Перуашев.

Ақжолдықтар министр Әсет Исекешевтен жаңа көліктерді тіркеу жеңілдігін бір жылдан екі жылға дейін арттыру нормасын енгізіп, елдің Салық туралы заңын тағы бір өзгертуді сұрап, хат жолдады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети