Бір жылда қазақстандықтардың орташа жалақысы 161,8 мың теңгеге өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.
Бір жылда қазақстандықтардың орташа жалақысы 161,8 мың теңгеге өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.
Былтыр бұл көрсеткіш 148 мың теңге болған. Осылайша бір жылда еліміздегі орташа жалақы 9,3 пайызға өсіп отыр.
"Орташа жалақы айтарлық өскен өңірлердің ішінде Атырау облысы (310,6 мың теңге), Маңғыстау облысы (273,2 мың теңге) және Астана (240,7мың теңге) бар. Ал орташа жалақысы ең төмен қалалардың тізіміне Түркістан (98,8 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (110,9 мың теңге) және Жамбыл облысы (111 мың теңге) кірді", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда орташа жалақы 164 мың теңгеден асқаны хабарланған болатын.