08 желтоқсан 2014 | 14:05

Қазақстандықтардың Ресейден жаппай тауар сатып алуы жақында тыйылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Рубль бағамының төмендеуінен қазақстандықтардың ресейлік тауарды жаппай сатып алуымен байланысты дүрлігу жақында тыйылады. "Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы" АО сарапшысы Бекмұрат Тәліпов осылай есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Ресей рублі Владимир Путиннің жолдауынан кейін құнын жоғалтып, долларға қатысты бағамы 52-54 болған еді.


Иконка комментария блок соц сети

Рубль бағамының төмендеуінен қазақстандықтардың ресейлік тауарды жаппай сатып алуымен байланысты дүрлігу жақында тыйылады. "Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы" АО сарапшысы Бекмұрат Тәліпов осылай есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Ресей рублі Владимир Путиннің жолдауынан кейін құнын жоғалтып, долларға қатысты бағамы 52-54 болған еді.

Рубль бағамының төмендеуі қазақстандықтар арасында дүрлігу туғызды. БАҚ қазақстандықтар рубльдің құнсыздануынан көп пайда көре алатынын хабарлап, Ресейден, әсіресе, жылжымайтын мүлік, автокөлік пен тұрмыстық техникалар сатып алуларына болатынын жариялады. Тәліповтың айтуынша, рубль бағамымен байланысты дүрлігу осыдан 15 жыл бұрынғыдай жақын арада басылады. "Экономикалық теорияда сатып алу тепе-теңдігі деген ұғым бар. Осы теорияға сәйкес және қазіргі жағдайда, теңге мен рубльдің тепе-теңдігін ескерер болсақ, әрине қазақстандықтар үшін Ресейден тауар алып Қазақстанға әкелу тиімді. Өз кезегінде Ресейдегі тауар сұранысы мен рубльге сұраныс артып, сәйкесінше ол тауарлардың Қазақстандағы сұранысы мен теңге ұсынымы ұлғаяды. Мұның барлығы ең ақырында бағамның қайта қалпына келуіне және ажиотажды сейілтуге әкеп соғады", - дейді сарапшы.

Тәліповтың айтуынша, кейбір ресейлік компаниялар мен Ресейде жұмыс істеп жатқан шетелдік кәсіпорындар өнімдерінің бағаларын көтергелі отыр. "Рубльдың бағамы қалай тұрақтанады, ол бөлек әңгіме, бағам бұрынғыдай бола ма (1 рубль - 4 теңгеден жоғары) жоқ әлде одан да төмен түсе ме? Бұл сұрақтың жауабы әлі нақты белгілі бола алмайды, себебі ол мұнай бағасы мен Батыс пен Ресей арасындағы саяси қарым-қатынасқа байласынты", - дейді сарапшы.

Тәліповтың айтуынша, рубльдің құнсыздануы мен Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ашық болуы ресейлік тауарға қатысты әсіресе жылжымайтын мүлік, техника, көлік пен азық-түлік төңірегінде дүрлігу туғызып тұр. "Сұраныс заңнамаларына және ұсынымдарға сәйкес мұндай жағдай отандық нарық бағасының төмендеуіне әкелуі тиіс. Бірақ біз экономикалық заңнамалардың шынайы өмірде орындала бермейтінін білеміз. Отандық кәсіпкерлер тарапынан келіп түсіп жатқан шексіз кіріске қарамастан, алдағы мейрамдарда қазақстандық нарықтан айтарлықтай өзгеріс күте алмаймыз, мысалы бағаның арзандауы", - дейді сарапшы маман. Бірақ рубль бағамының төмендеуі Қазақстан тауарларын Ресейге экспорттауды ұлғайтуы мүмкін. "Тіпті солай болған күнде жағдай көп ұзамай өзгереді, себебі сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі екі жаққа да жұмыс істеп тұр", - дейді Тәліпов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети