Қазақстандықтардың шетелдік банктердегі депозиттері өсіп жатыр. Бұл көрсеткіш бір жылда 10 пайыздан 11 пайызға өскен, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.
Қазақстандықтардың шетелдік банктердегі депозиттері өсіп жатыр. Бұл көрсеткіш бір жылда 10 пайыздан 11 пайызға өскен, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.
Бірақ, сарапшылардың айтуынша, 2017 жылы депозит мөлшері бірден 3,4 пайызға, яғни, 16,7 пайызға дейін азайған.
"Корпоративтік салымдар болса 9,7 пайызға, яғни, 8,5 триллион теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымы бір жылда 45,8 пайыздан 49,3 пайызға өсті", - делінген зерттеуде.
Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, қазақстандықтар депозит салған банктердің 13-і шетелдік екені айтылады.
Мұнымен қоса, сарапшылардың зерттеуінде Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан шетелдік банктердегі жеке тұлғалардың депозит мөлшері екінші жыл қатарынан өсіп жатыр - 2016 жылы 9 пайыздан 10,2 пайызға, 2017 жылы 10,9 пайызға дейін өскені айтылады.