01 маусым 2017 | 10:53

Қазақстандықтардың зейнетақы қаражаты қайда жұмсалып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"БЖЗҚ" АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева қордың инвестициялық портфелінің құрылымы жайында айтып берді. Tengrinews.kz порталындағы интернет-конференция кезінде қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, Наурызбаева зейнетақы активтері сенімді эмитентке құйылғанын атап өтті. 


Иконка комментария блок соц сети

"БЖЗҚ" АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева қордың инвестициялық портфелінің құрылымы жайында айтып берді. Tengrinews.kz порталындағы интернет-конференция кезінде қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, Наурызбаева зейнетақы активтері сенімді эмитентке құйылғанын атап өтті. 

Мұның алдында, 2017 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша портфельдің 65,2 пайызы  "ААА" көрсеткішінен "BBB-" көрсеткішіне дейінгі сенімді қаржы құралдарына құйылғандығы айтылған болатын. 

Қор төрайымының мәліметі бойынша, бұл келесідей эмитенттегі құнды қағаздар:

- Америка Құрама Штаттарының үкіметі;

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

- Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі;

- Еуропалық инвестициялық банк;

- "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ;

- IBM Corporation;

-  "Сбербанк России" АҚ-ға тиесілі банк;

- China Mobile Ltd;

- Societe General SA;

- Bank of America Corp;

- Commerzbank AG;

- Goldman Sachs;

- ING Bank N.V;

- Mizuho Corporate Bank;

- "Қазақстанның халық банкі" АҚ;

- "Қазақтелеком" және басқа эмитенттер.

Мемлекеттік құнды қағаздардың кірісі 1-1,5 пайыз болатынын айта кетейік.

Еске салайық, Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев қазақстандықтардың зейнетақы активтеріне индексті инвестициялау жоспары туралы айтқан еді. Оның айтуынша, мұндай әдіс БЖЗҚ арқылы Apple, Microsoft Corp, Facebook сияқты әлемдік компаниялар акцияларын сатып алуға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети