17 желтоқсан 2017 | 10:05

Қазақстандықтарға жылуды 30 пайызға үнемдеу мүмкіндігі ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға жылуды 30 пайызға үнемдеу мүмкіндігі ұсынылды. Алайда ол үшін жылуэнергиясын аз пайдалануға арналған құрылғыны орнату керек. Бұл туралы "Алматы" телеарнасының сюжетінде айтылады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтарға жылуды 30 пайызға үнемдеу мүмкіндігі ұсынылды. Алайда ол үшін жылуэнергиясын аз пайдалануға арналған құрылғыны орнату керек. Бұл туралы "Алматы" телеарнасының сюжетінде айтылады.

"Бүгін осы мәселені көтеріп, жауапты органдар тарапынан қолдау керектігін айтып келеміз. Халық жылуэнергиясын үнемдеп, төлемдерді азайтуды қалайды. Егер арнайы үнемдеу аппаратын орнатсақ көздеген мақсатқа жетер едік. Мұндай жоба көршілес Ресейде бірнеше жылдан бері жүзеге асуда", - деді "Алматы жылу жүйелері" ЖШС жылу энергиясы құралдарын есепке алуды бақылау қызметінің басшысы Дмитрий Федюков.

Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, "Алматы жылу жүйелері" мекемесінің 55 жылдығына орайластырылған отырыста жылумен қамту туралы арнайы заңнама қажет екені айтылды. Мамандар, тұрғын үй коммуналды шаруашылық саласында осы мәселе кенже қалып отыр дейді. Электроэнергетика қауымдастығы өкілінің сөзінше, еліміздегі жылу беретін станциялар ескіріп, өндірістік шығындарға жиі тап келеді.

"Жылумен қамту жүйесі бойынша арнайы заңнама жоқтығынан бөлек, энергетика секторларының нормативті-құқықтық актілері түрлі құрылымдарға еніп, әртараптанып кеткен. Салаға сәйкес техникалық және технологиялық бірыңғай саясат жоқ. Бұл жобаны іске асыру үшін біз үкіметке ұсыныс жасауды жоспарлап отырмыз", - деді Қазақстан электроэнергетикалық қауымдастығының төрағасы Шаймерден Оразалинов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети