Қазақстандықтарға үйінде қанша ақша сақтауға рұқсат етіледі?

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға үйінде қанша ақша сақтауға рұқсат етіледі? © ТҰрар Қазанғапов

Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер қазақстандықтарға үйінде қанша ақша сақтауға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер қазақстандықтарға үйінде қанша ақша сақтауға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жайтты қазақстандықтардың табысы мен шығысы туралы декларацияны енгізу туралы брифинг барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің орынбасары Мәди Тәкиев түсіндірді.

"Үйде сақтаған барлық қолма-қол ақшаны көрсетесіздер. 500 ЕТЖ (шамамен 12 миллион теңгеден) асса, ол ақша банкте сақталуы керек. Ақша банк шотында болуы тиіс. Ал 12 миллион теңгеге дейін декларацияда үйде сақтайтыныңыз туралы көрсетуге болады", - деп түсіндірді Мәди Тәкиев.  

Сондай-ақ, ол Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғаның кірісі мен шығысының жалпыға ортақ декларациясы енгізілетінін еске салды.

"Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толған азаматы, оралман және тұруға рұқсаты бар адамдар. Кәмелет жасқа толмаған, бірақ мүлкі немесе оның үлесі бар азаматтар. Қазақстан республикасында мүлкі бар шетел азаматтары", - деп ақпаратты бөлісті Мәди Тәкиев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети