Қазақстанның халықаралық резервтерінің көлемі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Strategy2050.kz веб-порталына сілтеме жасап. ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, елдің халықаралық резервтері 100,8 миллиард долларға тең.
Қазақстанның халықаралық резервтерінің көлемі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Strategy2050.kz веб-порталына сілтеме жасап. ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, елдің халықаралық резервтері 100,8 миллиард долларға тең.
2015 жылы қаңтарда Ұлттық банктің халықаралық резервтері 0,5 пайызға ұлғайды және сол айдың аяғында 29,1 миллиард доллар болды. Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 0,8 пайызға өсіп, 28,2 миллиард долларға жетті.
Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, өзгеріс банктің ішкі валюта нарығындағы операцияларымен, қолма-қол шетел валютасы көлемінің ұлғаюымен байланысты болды.
"Өзгеріс банктердің Ұлттық Банктегі шоттарындағы шетел валютасы көлемінің азаюымен, алтын бағасының және ішкі нарықтағы сатып алудың өсуі салдарынан алтындағы активтердің ұлғаюымен, сондай-ақ, басқа операцияларымен байланысты болды, - деп хабарлайды баспасөз қызметінің өкілдері.
"Ақшаның тар базасы, яғни банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3015,9 миллиард теңгеге тең. Ақша массасы - 12403,1 миллиард теңге, ал айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1035,7 миллиард теңге болды, банк жүйесіндегі депозиттер - 11367,4 миллиард теңге", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ақша массасы құрылымындағы депозиттердің үлесі 2014 жылы желтоқсанның соңында 91,2 пайыз болған, ал 2015 жылы қаңтардың соңында 91,6 пайызға дейін өсті. Ақша мультипликаторы 2014 жылы желтоқсанның соңында 3,75-тен 2015 жылы қаңтардың қорытындысы бойынша 3,99-ға дейін өсті.