Қазақстанның қай өңірлерінің тұрғындары несиені жиі алатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның қай өңірлерінің тұрғындары несиені жиі алатыны анықталды © Ярослав Радловский

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұрғындары басқа өңірлермен салыстырғанда несиені көбірек алатын болып шықты. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының зерттеуінде айтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұрғындары басқа өңірлермен салыстырғанда несиені көбірек алатын болып шықты. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының зерттеуінде айтылады.

Сарапшылардың мәліметінше, 2017 жылы елімізде несие алушылардың саны бірден 12,4 пайызға (501,2 миллиард теңгеге) жеткен.

"Қазақстан өңірлерінің ішінде Алматы облысының тұрғындары несиені көбіне тұтынушылық мақсатта алады - 80 пайыздан көбі. Мысалы, тұрмыстық техника, жиһаз алу үшін, еңбек демалысы, үйлену тойы, тауарларды несие алу (бөліп төлеу) және тағы да басқа мақсаттарда. Осылайша, бір жылда тұтынушылық несие көлемі 23 пайызға - 22,8 миллиард теңгеге өсті", - делінген мамандардың зерттеуінде.

Тұтынушылық несиені жиі алатындардың қатарында Қызылорда облысы бар екен. Онда жеке тұлғалар алған несие көелмі бір жылда бірден 22,1 пайызға, яғни, 105,2 миллиард теңгеге дейін жеткен.

Сондай-ақ, сарапшылардың зерттеуінде Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының өте жиі несие алатыны айтылады. Мамандардың айтуынша, ОҚО-да жеке тұлғалар алған несиенің көлемі 72,3 пайызға дейін өскен. 2017 жылы бұл көрсеткіш 18,2 пайызға өсіп, 197,4 миллиард теңгеге жеткен.

Ал несие көлемі азайған өңірлердің қатарында Алматы қаласы тұр. Онда несие көлемі бір жылда 1,9 миллиард теңгеге қысқарған екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети