Қазақстанның несие нарығы бір айда 10 пайызға жуық өсті, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Қазақстанның несие нарығы бір айда 10 пайызға жуық өсті, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Еліміздің банк секторы бір ай ішінде несие қоржының 1 триллион теңгеге ұлғайтты. Несие нарығы, 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында сегіз пайызға өсіп, 13,4 триллионнан 14,4 триллионға дейін жетті. Ақпан айында, 38 банктің 35-і өз активтерінің көлемін арттырған.
Ірі несие берушілердің белсенділігі артуда. Абсолютті өсім бойынша БТА Банкі бірініші орында. Өсім - 306,2 миллиард теңге (12,8%). Нәтижесінде, банктің қарыз қоржыны 2,7 триллион теңгені құрады.
Экономикамыздың ең ірі несиелендірушісі Казкоммерцбанк, берілген қарыздарының көлемін 234,3 миллиард теңгеге (өсім-9,4%) ұлғайтқан. Банктің барлық берілген қарыздарының көлемі - 2,72 триллион теңгені құрады. Берілген қарыздар көлемінің абсолютті өсімі бойынша, ірі үштіктің қатарын - Халық банкі түйіндейді. Айлық өсім - 105,7 миллиард теңге (6,2%). Қарыз қоржыны - 1,81 триллион теңге.
Қазақстанның несие нарығы аутсайдерді (ең соңғы орын алған) анықтады. Ол - Позитив банкі. Бір айда ол банк 1,1 миллиард теңгеге (6,2 пайызға) кері кеткен. Банк небәрі 16 миллион теңге несие берген.