2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы борышы 167,5 миллард АҚШ доллары, ал сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы 105,9 пайыз болды (кезеңде 2,9 пайызға ұлғайды), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы борышы 167,5 миллард АҚШ доллары, ал сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы 105,9 пайыз болды (кезеңде 2,9 пайызға ұлғайды), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сыртқы борыштың құрылымында бұрынғыша, 62 пайызы фирмааралық берешекке, 26 пайызы "Басқа секторлардың" байланысты емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышына, 8 пайызы мемлекеттік сыртқы борышқа (Үкімет және Ұлттық банк), 4 пайызы "Банктер" секторының (ЕДБ және "Қазақстанның Даму банкі" АҚ) сыртқы міндеттемелеріне тиесілі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, банк өкілдерінің айтуынша, 2017 жылғы 4-ші тоқсанда елдің сыртқы борышы 1,4 миллиард АҚШ долларына, негізінен ірі өндіруші компаниялардың тікелей инвесторларына бұрын есептелген дивидендтерді төлеу және кәсіпорындардың тел компаниялардан алған сыртқы қарыздарды өтеуі есебінен қысқарды.
Талдау жасау мақсатында сыртқы борыштың құрылымында мемлекет бақылайтын ұйымдардың (банктер және мемлекеттік сектор тікелей немесе жанама түрде 50 пайыздан астам капиталға қатысу үлесін иеленетін ұйымдар ) сыртқы борышы жеке атап өтіледі екен.
Мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы 27,4 миллиард АҚШ доллары болған. 2017 жылғы 4-ші тоқсанда 1,0 миллард АҚШ долларына ұлғаю "Қазақстанның Даму банкі" АҚ-тың теңгеге деноминирленген еурооблигацияларды 100 млрд. теңге көлемде дебюттік шығаруы мен Қытай банктерінің Қазақстанның аумағында автомобиль жолдары желілерінің және Атырау облысында полипропилен өндіру зауытының құрылысын қаржыландыруды бастауы есебінен болған.
Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2017 жылғы 4-тоқсанда 2,0 миллиард АҚШ долларына ұлғая отырып, 45,7 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мемлекеттік сектор және "Банктер" секторы қалған әлемге қатысты таза кредиторлар ретінде болады, ал "Басқа секторлар" таза қарыз алушылар.
Айта кетейік, фирмааралық берешек тікелей инвесторлар, еншілес және тел кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерді білдіреді және 2017 жылғы 4-ші тоқсанның соңында Қазақстанның аумағында ірі мұнайгаз жобаларын іске асыратын шетел компанияларының сыртқы борышының 64 пайызын құрайды.
Таза сыртқы борыш борыштық құралдар бойынша сыртқы активтерді шегере отырып борыштық құралдар (сыртқы борыш) бойынша сыртқы міндеттемелерді білдіреді. Борыштық құралдарға несиелер мен қарыздар, сауда кредиттері мен аванстар, қолма-қол валюта мен депозиттер, арнайы қарыз алу құқықтары және басқа да талаптар/міндеттемелер жатады.