Кейінгі 10 айда теңгелік депозиттер 20 пайызға өскен - статистика

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі 10 айда теңгелік депозиттер 20 пайызға өскен - статистика © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов елдегі 10 айдағы депозиттердің көлемі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов елдегі 10 айдағы депозиттердің көлемі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл 10 айда банк жүйесіндегі депозиттер 15,3 пайызға немесе 2,916 триллион теңгеге өсіп, 21,938 триллион теңгеге жетті, оның ішінде теңгелік салымдар - 20 пайызға немесе 2,160 триллионға, яғни 12,980 триллион теңгеге дейін өсті", - деп хабарлады ол.  

Оның айтуынша, валюталық салымдар қалыпты қарқынмен өсіп жатыр - 9,2 пайызға немесе 756,1 миллиард теңгеге, 2020 жылдың қазан айының соңында 8,957 триллион теңгеге дейін.

"Депозиттерді долларландыру жыл басынан бері 43,1 пайыздан 2020 жылы қазанда 40,8 пайызға дейін төмендеді, оның ішінде корпоративтік сектор депозиттерін долларландыру - 44,8 пайыздан 40,7 пайызға дейін, бөлшек сауда секторы - 41,3 пайыздан 40,9 пайызға дейін төмендеді", - деп түйіндеді Шаймарданов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети