Коммуналдық қызметке төлегенде ақшаны қалай үнемдеуге болады? Пайдалы кеңестер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коммуналдық қызметке төлегенде ақшаны қалай үнемдеуге болады? Пайдалы кеңестер © Youtube/Krisha.kz

"Крыша" басылымы YouTube хостингіндегі арнасында коммуналдық қызметке төлегенде ақшаны қалай 50 пайызға дейін үнемдеуге болатыны жайлы видео жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Крыша" басылымы YouTube хостингіндегі арнасында коммуналдық қызметке төлегенде ақшаны қалай 50 пайызға дейін үнемдеуге болатыны жайлы видео жариялады.

Видеода бастапқыда түбіртекті мұқият қарап шығуға кеңес беріледі.

"Түбіртекте мүлде төлемей-ақ қоюға болатын пунктер көрсетілуі мүмкін: анықтама қызметі, бос жұмыс орындары жайлы мәліметтер, заңгер кеңесі, жылжымайтын мүлікті сақтандыру, құтқару қызметі. Мұны адам өз еркімен төлегісі келсе ғана төлейді. Сондықтан да сіз көрсетілген қызмет түрлеріне ақша төлемей-ақ қойсаңыздар болады. Жалпы ол талаптар заңсыз. Себебі коммуналдық қызметтегілер бұл мәселе жөнінде әрбір үйдің иесімен жеке келісімшарт жасасу керек", - делінген видеода.

Сондай-ақ, видео авторы алматылықтардың жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері үшін жыл сайын 270 миллион теңге төлейтінін айтады.

Мұнымен қоса, автор көпқабатты үйдің тұрғындарына жарықты уақытында өшіріп жүруге, қарапайым лампаларды энергия үнемдеуіш лампаларға ауыстыруға, сондай-ақ, энергетикалық класы жоғары тұрмыс техникаларын сатып алуға кеңес береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети