12 мамыр 2014 | 17:44

Мамырда теңге бағамы тұрақты болады - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Мамырда теңге бағамы тұрақты болады деп хабарлайды "Альпари" компаниясының аға сарапшысы Анна Бодроваға сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мамырда теңге бағамы тұрақты болады деп хабарлайды "Альпари" компаниясының аға сарапшысы Анна Бодроваға сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мамырдың екінші аптасында теңгенің доллар мен евроға шаққандағы бағамы бұрынғы диапазонында сақталады. "Теңге үшін өте белсенді ықпал танытқан қыстан соң жазда тыныштық келеді. Өткен бес күн ішінде доллардың бағамы 182,01-182,04 теңге аралығын қамтып, бұл баға дәлізі Қазақстан қор биржасы үшін алдындағы аптамен салыстырғанда тарлау болды. Орын алған жайт теңгенің Ұлттық банк және Қазақстан экономикасындағы жағдайлар тарапынан қолдауға ие боп отырғандығын аңғартады" дейді Бодрова.

Сұхбат берушіміз сыртқы жағдайлар теңге бағамының ауытқуына еш әсер етпейтінін айтады. "Мамырдың үшінші аптасы теңгенің күрт құбылуына түрткі боларлық факт ұсына алмайды. Доллар орташа мерзімді қалыбын - 182,0-182,10 теңге аралығын қамтиды, ал евро дәліздегі позициясын өзгертпейді - 253,0-253,35 теңге, рубль - 5,07-5,12 теңге болады" дейді сарапшы.

Бодрова евро/теңге жұбына қатысты динамиканың құбылу мүмкіндігін ескертеді. Ол Қазақстан қор биржасында алдында евроның теңгеге шаққандағы бағамы  253,0-253,10 теңгені қамтығанын баса айтады. "Бір сөзбен айтқанда, евро валютасындағы теңге арзандай түседі. Оған Forex валюта қорындағы соңғы жайттар әсер етіп жатуы ықтимал, онда соңғы екі аптада евроның құбылу үрдісі артқан" дейді сұхбат беруші. Оның айтуынша, бұл жайтқа евро/доллар жұбының 200 пунктке құлауы да әсер еткен. 

Бодрова экономикалық жаңалықтардың теңгенің бір қалыпты болуына әбден негіз бола алатынын айтады. "Қазақстанның Кеден одағына мүше мемлекеттерге жөнелтіп жатқан экпорт тауарларының көлемі ақырындап артып келеді. Кеден одағы іске кіріскелі бері Қазақстанның өңделген экспорттық тауарлар ағымы 54 пайызға артқан, ол алдында 45 пайызға сай еді. Жалпы, бұл көрсеткіш жылдам нығая түсе алар еді, алайда акцизді тауарлар мен отынға жататын тауарлар тасымалындағы белгілі бір күрделілік бұған кедергі келтіріп отыр" дейді сарапшы. Ол Кеден одағы елдері ішінде әлі күнге дейін өңделген экспорттық тауарлар үшін белгілі бір кедергілер барын нақтылады. Бұл Кеден одағына мүше мемлекеттерді бір жақты өнімдермен толтырып тастамас үшін жасалып отырған секілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети