Mastercard криптовалютамен операция жасауға рұқсат береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mastercard криптовалютамен операция жасауға рұқсат береді Фото: elements.envato.com

Әлемдегі несие карталарына қызмет көрсететін ең ірі компаниялардың бірі америкалық Mastercard белгілі бір криптовалюта көмегімен операциялар орындауға мүмкіндік жасады. Бұл туралы компанияның вице-президенті Раджа Дамодарананың мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Дәл қазір біз криптовалюта мен төлемдердің болашағына дайындалып жатырмыз, биыл Mastercard белгілі бір криптовалютаны тікелей біздің желіде қолдай бастайды. Бұл үлкен өзгеріс, ол көп жұмысты қажет етеді.

Бұл сатып алушылар мен сатушыларға төлемнің жаңа түрін қолдана отырып транзакциялар жасауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

MasterCard Inc. - әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірінің операторы. Осы төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылатын операциялардың саны жылына 22 миллиардтан асады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети