Менің жинап қойған ақшам жоқ - ҚР Ұлттық банкінің басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Менің жинап қойған ақшам жоқ - ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев. © bloomberg.com

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыдағы бапсасөз мәслихаты кезінде ақша жинап жатпағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыдағы бапсасөз мәслихаты кезінде ақша жинап жатпағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Баспасөз мәслихаты кезінде елдің бас банкирі қандай валютада және қай банкте қаражат жинап жатқаны жайлы сұраққа жауап берді. Сонымен қатар, оған ұлттық валютаның ауытқуынан қанша ұтылғаны жайлы сұрақ қойылды. "Жинақтап жатқан қаражатым жоқ, жалақымды теңгемен аламын", - деді Ақышев. 

Сонымен қатар, Ұлттық банктің басшысы валюта бағамының өзгерісінен кімдердің ұтысқа кенелетіні жайлы сұраққа жауап берді. "Біреу-міреу бұдан ұтыпты деген мәлімет жоқ. Меніңше, сұрақ дұрыс қойылмады. Бағамның шектен тыс ауытқуының біздегі ақша нарығындағы құрылымымыздың жетілмегендігінен болуы мүмкін екендігін түсінемін. Сондықтан біз осы өзгерістердің бәрін бірқалыпты болуы үшін, күрт өзгеруін болдырмау үшін жұмыс істеуіміз қажет. Біз осыған ұмтылып жатырмыз. Өкінішке қарай, сыртқы конъюнктура күн сайын өзгеріп жатыр, көп жағдайда жағымды өзгерістер бола бермейді, сәйкесінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамына әсер етеді. Сондықтан бенефициарлар жайлы айту қиын", - деді Ақышев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети